- Басты бет
- Жаңалықтар
- Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінде ТДМ аясында халықаралық университетаралық студенттік вебинар өтті
Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінде ТДМ аясында халықаралық университетаралық студенттік вебинар өтті
2025 жылғы 24 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «The Sustainable Development Goals (SDGs): Theoretical Foundations and Youth Engagement» тақырыбында халықаралық университетаралық студенттік вебинар өтті. Іс-шараның мақсаты – БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша теориялық білімді тереңдету, жастардың тұрақты даму үдерістеріне белсенді қатысуын ынталандыру және халықаралық студенттік ынтымақтастықты дамыту.
Вебинарға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, сондай-ақ Жапонияның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Атап айтқанда, The University of Tokyo, Tokyo University of Foreign Studies, Sophia University, Kobe City University of Foreign Studies және Kyoto University of Foreign Studies университеттерінің өкілдері онлайн форматта бас қосты.
Бағдарлама аясында келесі мәселелер қарастырылды:
· Тұрақты дамудың теориялық негіздері және БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) құрылымы мен мазмұны;
· Тұрақтылықтың «үш тірек» тұжырымдамасы: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық өлшемдер;
· Жапония, Корея Республикасы және Қазақстандағы ТДМ-ды іске асырудың ұлттық тәсілдері мен тәжірибелері;
· Жастардың тұрақты трансформациялардың негізгі субъектісі ретіндегі рөлі;
· Студенттердің экологиялық, әлеуметтік және инновациялық бастамаларға қатысу мүмкіндіктері;
· Халықаралық студенттік ынтымақтастық пен академиялық желілерді қалыптастыру мәселелері.
Іс-шараға барлығы 17 студент қатысты. Оның ішінде жапониялық студенттер – 6, қазақстандық студенттер – 11.
Аталған вебинар университеттер арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға, студенттердің жаһандық ойлауын қалыптастыруға және ТДМ-ды ілгерілетудегі жастардың рөлін арттыруға ықпал етті. Қатысушылар тұрақты даму саласындағы білімдерін кеңейтіп, болашақ бірлескен академиялық және студенттік бастамаларға қызығушылық білдірді.
Басқа жаңалықтар