«Су – тіршілік көзі» атты экологиялық акция ұйымдастырды !Farabi University

«Су – тіршілік көзі» атты экологиялық акция ұйымдастырды !

25 желтоқсан, 2025

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы «Су – тіршілік көзі» атты экологиялық акция ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – судың адам өміріндегі маңыздылығын насихаттау және табиғи бұлақтарды тазалау арқылы студенттердің экологиялық мәдениетін арттыру.

Акция барысында ерікті студенттер мен оқытушылар қала маңындағы бұлақтардың көзін ашып, айналасын тазалады. Сонымен қатар, қатысушыларға су ресурстарын үнемді пайдалану мен табиғатты қорғау бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.

Бұл бастама табиғатты аялауға үндейтін маңызды қадамдардың бірі болып табылады және Тұрақты даму мақсаттарының шеңберінде жүзеге асырылуда.