Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы ҚазҰУ-дың «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталдыFarabi University

Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы ҚазҰУ-дың «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

25 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 25 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Қалиолла Ардақ университеттің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Ректордың бұйрығымен ҚазҰУ-дың «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Қалиолла Ардақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2005 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасында қытай тілі пәнінен аға оқытушы ретінде білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырып келеді.

Ұстаздың ғылыми-педагогикалық қызметі аясында көптеген ғылыми мақалалары жарық көрген. Сонымен қатар, ол «Жалпыға арналған қытай тілі» атты төрт бөлімнен тұратын оқулықты құрастырушы авторлардың бірі. А. Қалиолла аударма саласында да ауқымды еңбек сіңіріп, қытай тілінен қазақ тіліне бірқатар іргелі еңбектерді тәржімалаған. Олардың қатарында білім беру, философия, мәдениет, медицина, экономика және халықаралық қатынастар салаларын қамтитын маңызды ғылыми және танымдық туындылар бар.

Кафедрада еңбек еткен жылдары Қалиолла Ардақ өзіне жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен атқарып, ұжым ішінде білікті маман әрі тәжірибелі ұстаз ретінде танылды. Ол отандық және шетелдік ғылыми конференцияларға белсенді қатысып, кәсіби тәжірибесімен тұрақты түрде бөлісіп келеді.

Педагогикалық қызметімен қатар, А. Қалиолла факультет пен университет деңгейінде өтетін қоғамдық, ғылыми және мәдени іс-шараларға белсене араласып, жастар тәрбиесіне елеулі үлес қосып келеді. Ол студенттер мен әріптестері арасында жоғары беделге ие, өз ісіне адал, жауапкершілігі мол ұстаз.

Қытайтану кафедрасының ұжымы Қалиолла Ардақты жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы ғылыми-педагогикалық қызметіне толағай табыс, шығармашылық шабыт және зор денсаулық тілейді.