- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кеңесінің отырысы: Заң магистрі (LL.M.) дипломдары табысталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кеңесінің отырысы: Заң магистрі (LL.M.) дипломдары табысталды
2025 жылғы 25 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қос диплом бағдарламасының түлектеріне неміс үлгісіндегі дипломдарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Ғылыми кеңестің отырысы барысында университет Ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Түймебаев Жансеит Қансейітұлы Кудайбергенов Әмірге, Көбентаев Темірланға, Әміржан Сәбинеге және Азотова Аминаға Master of Laws (LL.M.) дәрежесінің дипломдарын табыс етті.
Қос диплом бағдарламасы 2018 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Германияның Висмар қаласындағы университеті арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып келеді және екі білім беру бағытын қамтиды: «Неміс және халықаралық коммерциялық құқық» және «7М04218 – Юриспруденция».
Бұған дейін, 2025 жылғы шілде айында аталған түлектер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алған болатын. Master of Laws (LL.M.) неміс дипломы Еуропалық одақ аумағында мойындалады және түлектер үшін кең кәсіби мүмкіндіктерге жол ашады.
Қос диплом бағдарламасының түлектері жұмысқа орналасудың жоғары деңгейін көрсетіп, бизнес-құрылымдарда, мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында кәсіби қызмет атқаруда. Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша білім алуды 5 магистрант жалғастыруда.