- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4 аясында мектеп оқушыларына арналған «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» атты дәріс өтті
ТДМ 4 аясында мектеп оқушыларына арналған «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» атты дәріс өтті
2025 жылғы 22 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен №13 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» атты дәріс өтті. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Акция ТДМ 4 – Сапалы білім мақсатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:
«Заңды білу – заман талабы» экспресс-дәрісі: Оқытушылар жоғары сынып оқушыларына құқықтық мемлекеттің негіздері, «Адал азамат» тұжырымдамасы және заңды сақтаудың маңыздылығы туралы баяндады.
«Менің құқықтарым мен міндеттерім» викторинасы: Оқушылар интерактивті ойын форматында өздерінің конституциялық құқықтары мен әкімшілік жауапкершілік туралы білімдерін тексерді.
Кәсіби бағдар беру кеңесі: Оқытушылар мектеп бітіруші түлектерге заң саласындағы мамандықтардың қыр-сыры мен әл-Фараби атындағы КазҰУ-дағы оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Іс-шараға келесі топ өкілдері қатысты:
Мектеп оқушылары – 25 адам;
Факультет оқытушылары – 2 адам.
Дәріс жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға айтарлықтай үлес қосты. Қатысушылар өз құқықтарын қорғауды үйреніп, заң алдындағы жауапкершілікті тереңірек түсінді. Сондай-ақ, университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастық нығайып, ТДМ 4 индикаторларын орындау бойынша жаңа серіктестік орнатылды.


#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU SDG4: #SDG4 #QualityEducation