- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ жас ғалымдарды орнықты даму бойынша зерттеулерді дамытуға ынталандырады. Биология және биотехнология факультетінде "Farabi GreenCampus: Taza University" жас ғалымдардың жасыл жобалар байқауы өтті.
ҚазҰУ жас ғалымдарды орнықты даму бойынша зерттеулерді дамытуға ынталандырады. Биология және биотехнология факультетінде "Farabi GreenCampus: Taza University" жас ғалымдардың жасыл жобалар байқауы өтті.
24 қараша күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультетінің, Ботаника және агроэкология кафедрасының жас ғалымдары «Farabi Green Campus: Taza University» экологиялық жастар форумы аясында өткен жасыл жобалар байқауына қатысты. Форум және іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Әртүрлі мамандықтағы жас докторанттар, магистранттар және бакалавриат деңгейіндегі білім алушылар экологиялық идеяларын жобалар, ғылыми зерттеулер, әзірлемелер және бастамалар түрінде ұсынды.
Жобалар осы бағыттар бойынша ұсынылды:
· қалдықтарды азайту және қайта өңдеу, су мен ауаның сапасын қорғау,
· жасанды интеллект және Жасыл болашақ жобалары, энергияны үнемдеу,
· экологиялық білім беру және хабардарлықты арттыру
· биоәртүрлілік пен тозаңдандырғыштарды сақтау, экожүйелерді қалпына келтіру, қалаларды тұрақты көгалдандыру.
Қазылар алқасының құрамына Профессорлар, оқытушылар және факультет қызметкерлері: 1 Төраға, 5 қазылар алқасы және 1 хатшы қатысты
Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша үздік эко-бастамалар 100 000, 70 000 және 30 000 тг сомасына дипломдар мен жүлделі сертификаттар алды. 25 қарашада өткен форумда жүлдегерлер Химия және химиялық технология факультетінің Малахит залындағы басқа факультеттердің жобаларымен қатар марапатталды.
Факультеттегі конкурстың қорытындысы және жобалардың бағыттары:
1 орын - "ARALAP: тозаңдандыратын жәндіктерді қолдау және сақтау үшін кампусты экологиялық көгалдандыру", Ғалымжанов Ислам, Жанбасбаева Сымбат, Нұрханов Руслан
2 орын-" Қазақстанның тұзды топырақтарын биорекультивациялаудағы альго-цианобактериялық консорциумдарды иммобилизациялау жүйелерін" Benchmark-талдау", Залетова Дильназ
3 орын - "FarabiGreen Point" – кампустарда қалдықтарды суриптау процесі жеңістетін ақылды экологиялық қосымша" Қоламсақәуле, "development of a technology for producing eco-friendly disposable tableware from renewable waste" Мұхамбетжанова Аружан



#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #GreenCampus #SustainableKazNU #SDG13 #ClimateAction #2030Agenda
Ботаника және агроэкология кафедрасы