ТДМ 4 «Сапалы білім беру» аясындағы мектеп оқушыларымен кездесуFarabi University

ТДМ 4 «Сапалы білім беру» аясындағы мектеп оқушыларымен кездесу

22 желтоқсан, 2025

22.12.25 күні Кәсіби бағдар беру жұмыс аясында, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты № 4 — «Сапалы білім беру» қағидаттарын іске асыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика және математика факультеті, Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының қауымдастырылған профессоры Маусумбекова Сауле Жұмаканқызы Алматы қаласындағы М. О. Әуезов атындағы № 128 қалалық мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында «6B05405 — Қолданбалы математика» білім беру бағдарламасы бойынша дәріс оқылды. Қауымдастырылған профессор қолданбалы математиканың қазіргі цифрлық дәуірдегі маңызын, математикалық модельдеу, бағдарламалау, жасанды интеллект және деректерді талдау салаларындағы мүмкіндіктерді, сондай-ақ студенттердің практикалық дайындығы мен түлектердің мансаптық перспективаларын таныстырды. Бағдарламаның пәнаралық сипаты мен еңбек нарығындағы жоғары сұранысына ерекше назар аударылды. Кездесу оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы заманауи білім беру мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтті.

МКМ кафедрасы