- Басты бет
- Жаңалықтар
- Білім беруде Тұрақты даму мақсаттарын енгізу және қолдану тақырыбындағы республикалық онлайн-семинар
Білім беруде Тұрақты даму мақсаттарын енгізу және қолдану тақырыбындағы республикалық онлайн-семинар
2025 жылғы 24 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері Алпысбаева Айгүл Ерболатқызы ағылшын тілінде «Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ): білім беруге енгізу және қолдану» тақырыбында республикалық деңгейдегі онлайн-семинар өткізді.
Семинарға 50-ге жуық қатысушы — жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының мұғалімдері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқытушылары және студенттер қатысты.
Семинар барысында Тұрақты даму мақсаттарын білім беру жүйесіне интеграциялау мәселелері, оларды оқу бағдарламаларында қолданудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ гуманитарлық пәндерді оқыту үдерісінде ТДМ-ны тиімді пайдалану жолдары талқыланды. Білім алушылардың тұрақты ойлау қабілетін және азаматтық жауапкершілігін қалыптастырудағы білімнің рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және тұрақты даму саласындағы білім беру бастамаларын дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.