ҚазҰУ «Парасат» кәсіподағы өкілімен ЭжБЖМ ПОҚ-ның кездесуіFarabi University

ҚазҰУ «Парасат» кәсіподағы өкілімен ЭжБЖМ ПОҚ-ның кездесуі

27 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 26 желтоқсанда Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Қаржы және есеп» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Парасат» кәсіподақ ұйымының өкілі, құқық докторы (PhD) Рыскалиев Д.У. арасындағы кездесу өтті. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 8-мақсаты — «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында әлеуметтік-еңбек қатынастарының өзекті мәселелері, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ кәсіподақтың лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі және университет қызметкерлерінің кәсіби дамуын қолдаудағы рөлі талқыланды. Ерекше назар профессорлық-оқытушылық құрамды әлеуметтік қолдау, еңбекті қорғау, мотивация және қызметкерлердің академиялық әрі ғылыми қызметке тартылуын арттыру мәселелеріне аударылды.

Кездесуге қатысушылар университеттің тұрақты дамуы контекстінде әкімшілік, профессорлық-оқытушылық құрам және кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестік пен ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Өткен кездесу факультет пен кәсіподақ ұйымы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ білім беру ортасында лайықты еңбек пен тұрақты экономикалық даму құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болды.