«Кедейшілікке жол бермеу» ТДМ 1 аясында «Химиялық өндірісті ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық семинарFarabi University

«Кедейшілікке жол бермеу» ТДМ 1 аясында «Химиялық өндірісті ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық семинар

27 желтоқсан, 2025

 

27 желтоқсан 2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының профессоры Д.Н. Акбаева, доценттер Ж.Т. Ешова, Н.Т. Смагулова «Аltyn adam» инновациялық мектебінің жас мұғалімдеріне (Д. Медеминов, Р. Асанов, Е. Қуттымуратов, Б. Аминов, Б. Исқақбай) ТДМ 1 «Кедейшілікке жол бермеу» аясында «Химиялық өндірісті ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – «Кедейшілікке жол бермеу» Тұрақты даму мақсатына сәйкес өз идеялары мен бастамаларын жүзеге асыру үшін мектеп оқушыларын болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындау мақсатында тауарлар мен заманауи өндіріс технологияларының сапасын талдау, кәсіпкерлік ойлау, шағын өндіріс құруға ұмтылуды және қажетті практикалық дағдыларды дамыту мәселелері бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Университет оқытушылары өнімді талдаудың рөлін (жуғыш заттар мен жабындар) және оларды жақсарту бойынша ұсыныстарды түсіндіру арқылы кедейшілікті жою бойынша баяндамалар жасады. Семинарда жуғыш заттар мен жабындардың түрлері мен құрамы, өнімді талдаудың рөлі, қауіпсіз өнімдер мен химиялық заттарды таңдаудың маңыздылығы қарастырылды. Білім беру мен халық ағарту жұмыстары арқылы кедейшілікті жою білім беру мен кәсіптік дағдыларды қамтитын кешенді тәсіл болып табылады. Адамның әл-ауқатын жақсарту үшін жаңа білім мен технологияны қолдану –  өнімділікті арттыруға әкелетін мүмкіндіктер. Осылайша, білім беру мен ағарту адамдарға тек өмір сүру үшін ғана емес, сонымен бірге БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарында анықталғандай, бүкіл әлемде кедейшілікті азайтуға үлес қоса отырып, тұрақты болашақты құру құралдарын береді. Өткізілген семинар қатысушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға көмектесті.

 

Профессор, х.ғ.д. Ақбаева Д.Н.

Қауымдастырылған профессор, х.ғ.к. Ешова Ж.Т.

Қауымдастырылған профессор, х.ғ.к. Смағулова Н.Т.