«Әлеуметтік қолдау арқылы кедейліктің алдын алу: білім беру контексті»Farabi University

«Әлеуметтік қолдау арқылы кедейліктің алдын алу: білім беру контексті»

25 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 25 желтоқсанда Философия және саясаттану факультетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы Мурзагулова М.Д. мен Кудайбергенова А.М. жетекшілігімен Тұрақты даму мақсаттарының 1-бағыты – «Кедейлікті жою» аясында
«Әлеуметтік қолдау арқылы кедейліктің алдын алу: білім беру контексті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел барысында шетел азаматтарына толерантты, рухани-адамгершілік және мәдени көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ олардың білім алуына оң әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жолдары талқыланды.

Іс-шара қорытындысында нақты ұсыныстар қабылданып, қатысушылар ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің мазмұны мен маңыздылығына оң баға беріп, өз ризашылықтарын білдірді.