Шығыстану факультеті оқытушылары Қазақстан ирантанушыларының кезекті жиналысына қатыстыFarabi University

Шығыстану факультеті оқытушылары Қазақстан ирантанушыларының кезекті жиналысына қатысты

26 желтоқсан, 2025

26 желтоқсанда ТДМ жобасының «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыты аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ирантанушы оқытушылары мен магистрант-докторанттары Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Иран Мәдени орталығында өткен Қазақстан ирантанушыларының кезекті жиналысына қатысты.

Бұл отырыста Қазақстан ирантанушылар ассоциациясын ресми тіркеу үшін жасалып жатқан жұмыстар бойынша Батырхан Болатбек есеп берді. Сондай-ақ болашақ ассоциацияның атқаратын жұмыстарының жалпы бағыттары талқыланды.

Отырыстың екінші бөлігінде шығыстану факультетінің 2 курс магистранты Гаухар Омарханова аударған «Бір беттік кітап» жобасының 2-ші кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге кітапты басып шығарған «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, мәдениеттанушы Бағдат Құдияр мырза да қатысты.