Ұлттық киім – ұлттың айнасыFarabi University
Референдум 15 марта

Ұлттық киім – ұлттың айнасы

10 қараша, 2025

2025 жылдың 10 қарашасында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценті А.К. Токтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 403-404 топ қазақ бөлімі студенттерімен бірге «Ұлттық киім – ұлттың айнасы» челледжге орай университетке ұлттық киім киіп келді. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің көркем үлгілерін насихаттау және әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған құнды дүниелерді көрсету, қазақтың бағалы, көне ұлттық киімдеріндегі ою-өрнектерді сақтай отырып, заманға қарай ыңғайлы сан алуан әшекейлермен көмкерілген киімдерді күнделікті өмірде қолданысқа енгізу, ұлттық киімдер арқылы жастардың бойына патриоттық тәрбие беру мақсатында ұлттық киім киіп жүру үлкен әсер берді. Іс-шара сапалы білім беру саласындағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде (44.3.4 университет кешенінен тыс білім беру ақпараттық-түсіндіру жұмыстары) ұйымдастырылды.