Жаратылыстану ғылымдарын оқытуда жасанды интеллектіні қолдануFarabi University

Жаратылыстану ғылымдарын оқытуда жасанды интеллектіні қолдану

22 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 22 қыркүйекте КММ «ШГ №133» базасында «Жаратылыстану ғылымдарын оқытуда жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында «Сапалы білім беру» тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру аясында қалалық семинар өткізілді.

Семинарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер технологиясы кафедрасының доценті, к.х.н. Рахматуллаева Р.К., «Өрлеу» БАҰО АҚФ аға оқытушысы Сүлейменова Г.А., сондай-ақ Алматы қаласының мектеп мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты – педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру және жасанды интеллектіні тиімді қолдану арқылы білім сапасын көтеру.

Семинарда педагогтер тәжірибе алмасып, білім беру процесіндегі жасанды интеллектінің рөлі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы мүмкіндіктері, сондай-ақ жаратылыстану пәндерін оқытудағы тиімді жолдары мен жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

Жасанды интеллект – болашақ білімнің кілті! Осындай семинарлар педагогтерге шабыт беріп, білім беру саласында жаңа көкжиектер ашады.