«Кедейлікті төмендетудегі білім мен ғылымның рөлі» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияFarabi University

«Кедейлікті төмендетудегі білім мен ғылымның рөлі» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференция

28 қараша, 2025

2025 жылғы 24–28 қараша аралығында философия және саясаттану факультетінде Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында ұйымдастырылған «Кедейлікті төмендетудегі білім мен ғылымның рөлі» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция ТДМ 1 - Кедейлікті жою, ТДМ 3 - Салауатты өмір салты және әл-ауқат, ТДМ 5 - Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және ТДМ 17 - Тұрақты даму жолындағы серіктестік мақсаттарымен тығыз байланысты болды.

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы конференция жұмысына белсенді қатысып, кедейлікті азайту, білім мен ғылымды дамыту және халық денсаулығын нығайту мәселелеріне арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Конференция тақырыбы ТДМ 1 аясында әлеуметтік теңсіздікті төмендету мен халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған ғылыми және тәжірибелік шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді.

Пленарлық отырыста факультет деканы Мейрбаев Б.Б., кафедра меңгерушісі Абдирайымова Г.С., сондай-ақ әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Садырова М.С. баяндама жасады. Спикерлер кедейлік деңгейіне әсер ететін негізгі әлеуметтік-экономикалық және демографиялық факторларды атап өтіп, білім мен ғылымның тұрақты даму мен әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз етудегі маңызын ерекше атап өтті.

Конференция жұмысы «Ұлт саулығы – тәуелсіз елдің тұрақты дамуы мен болашағының кепілі» атты секцияда жалғасты. Бұл секцияда халық денсаулығының кедейлікті төмендетудегі шешуші рөлі қарастырылып, ТДМ 3 - Салауатты өмір салты және әл-ауқат мақсатымен тікелей байланыста талқыланды. Қатысушылар денсаулық деңгейінің өмір сапасына, еңбек әлеуетіне және әлеуметтік әл-ауқатқа ықпалы жөнінде пікір алмасты.

Секция аясында өткен тренинг бағдарламасына:

               шақырылған сарапшылардың баяндамалары;

               интерактивті тапсырмалар;

               викториналар, конкурстар және сыйлықтар табыстау шаралары енгізілді.

 

Тренингке сарапшы ретінде «Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің (КМПА), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Chevron компаниясының өкілдері қатысты. Олардың қатысуы мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындап, ТДМ 17 - Тұрақты даму жолындағы серіктестік қағидаттарын нақты көрсетті.

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс факультетінің студенттері талқылауға белсенді қатысып, қоғамдық денсаулық, тұрақты даму және білімнің кедейлікті еңсерудегі рөліне жоғары қызығушылық танытты.

Аталмыш конференция ТДМ 1, ТДМ 3, ТДМ 5 және ТДМ 17 мақсаттарына қол жеткізу білім, ғылым, ұлт денсаулығын нығайту және тиімді әріптестікті дамыту арқылы ғана мүмкін екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Барлық қатысушыларға белсенділігі, жоғары жауапкершілігі және ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.