- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЦУР-2 аясындағы оқушылардың өндірістік экскурсиясы: агрохимияның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесі
ЦУР-2 аясындағы оқушылардың өндірістік экскурсиясы: агрохимияның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесі
2025 жылғы 29 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті, физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының оқытушылары қауымдастырылған профессор Жүсіпова А.К., қауымдастырылған профессор м.а. Наренова С.М. және аға оқытушы Ажигулова Р.Н., Тұрақты даму мақсаттары-2 «Аштықты жою» аясында №92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған лицейдің 11-сынып мен №207 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушылары үшін «Modern Chemistry» ЖШС және «BioProject» ЖШС өндірістік цехтарына экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия профессор Алдабергенов Майлыби Қапанұлының жетекшілігімен өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру және агродақылдардың төзімділігін күшейту мақсатында қолданылатын өсімдік өсу реттегіштері мен тыңайтқыштардың толық өндірістік циклымен танысты.
Технологиялық үдерістің негізгі кезеңдері, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар, сондай-ақ өндірістің экологиялық аспектілері көрсетілді. Тыңайтқыштардың аштықпен күрестегі рөліне ерекше назар аударылды, атап айтқанда, өсімдіктерді азот, фосфор және калий сияқты негізгі қоректік элементтермен қамтамасыз ету арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және азық-түлік қолжетімділігін көбейту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар микроэлементтері бар кешенді минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктердің өсу кезеңдеріне бейімделген қоректендіру жүйелерінің тағам сапасын жақсартудағы, жасырын аштықтың (дәрумендер мен минералдар тапшылығының) алдын алудағы және тұрақты азық-түлік жүйелерін қалыптастырудағы маңызы атап өтілді.
Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, химиялық білімнің нақты өндірісте және ауыл шаруашылығында қолданылуы туралы практикалық түсінік алды.
Жүсіпова А.К., Наренова С.М. Ажигулова Р.Н.
Басқа жаңалықтар