- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да ТДМ 4 және ТДМ 17 аясында Xiamen университетінің оқытушыларымен онлайн кездесу өтті
ҚазҰУ-да ТДМ 4 және ТДМ 17 аясында Xiamen университетінің оқытушыларымен онлайн кездесу өтті
2025 жылғы 26 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Xiamen университетінің оқытушыларымен онлайн форматта халықаралық академиялық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – Xiamen университетімен серіктестік орнату, ортақ ғылыми жобаларды қарастыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту және шетелдік жоғары оқу орнының Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша тәжірибесіне шолу жасау. Кездесу Тұрақты даму мақсаты ТДМ 4 – Сапалы білім және ТДМ 17 – Тұрақты даму үшін серіктестік аясында ұйымдастырылды.
Іс-шара Xiamen университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Бағдарлама аясында келесі іс-әрекеттер жүзеге асырылды:
- Xiamen университетінің құрылымы, білім беру бағдарламалары және халықаралық ынтымақтастық бағыттары туралы таныстырылым;
- ТДМ қағидаттарын білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне интеграциялау тәжірибесіне шолу;
- Ортақ ғылыми жобалар мен қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылау;
- Академиялық мобильділік, оқытушылар мен студенттер алмасу перспективаларын қарастыру.
Іс-шараға түрлі топтардың өкілдері қатысты:
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары – 7 адам;
- Xiamen университетінің оқытушылары мен әкімшілік өкілдері – 10 адам.
Кездесу нәтижесінде тараптар халықаралық академиялық серіктестікті кеңейтуге, Тұрақты даму мақсаттарын бірлесіп ілгерілетуге және болашақта нақты жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.

Басқа жаңалықтар