- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 5 – Гендерлік теңдік аясында «Women in STEM/IT: студенттердің қажеттіліктері» тақырыбында жаратылыстану-ғылыми бейіндегі факультеттер студенттері арасында онлайн-сауалнама
ТДМ 5 – Гендерлік теңдік аясында «Women in STEM/IT: студенттердің қажеттіліктері» тақырыбында жаратылыстану-ғылыми бейіндегі факультеттер студенттері арасында онлайн-сауалнама
ТДМ 5 – Гендерлік теңдік аясында «Women in STEM/IT: студенттердің қажеттіліктері» тақырыбында жаратылыстану-ғылыми бейіндегі факультеттер студенттері арасында онлайн-сауалнама жүргізілді. Сауалнама Google Forms платформасы арқылы өткізілді және оған 81 респондент қатысты, соның ішінде ішкі студенттер мен университет сайты арқылы қатысқан сыртқы қатысушылар болды. Зерттеудің мақсаты STEM/IT мамандығын таңдауға әсер ететін бағдарламалар мен семинарларды анықтау болды.
Нәтижелерге сәйкес, қатысушылардың 51,9%-ы ер, 48,1%-ы әйел студенттер. Респонденттердің басым бөлігі бакалавриатта оқиды, ал магистратура мен докторантурада оқитындардың үлесі төмен. Көпшілік студенттер ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша білім алады, бұл сауалнамаға IT және киберқауіпсіздік саласына қызығушылығы жоғары жастардың қатысқанын көрсетеді. Қатысушылардың едәуір бөлігі жоғары курстарда оқиды, бұл STEM/IT саласына қызығушылық оқу процесінде біртіндеп қалыптасатынын дәлелдейді.
Студенттердің STEM/IT мамандығын таңдауына ең көп әсер еткен факторлар әлеуметтік желілер мен онлайн платформалар, ата-аналар мен жақын ортаның ықпалы, сондай-ақ мектептегі информатика және математика пәндері болды. Университеттегі таныстыру сабақтары мен арнайы бағдарламалар да маңызды рөл атқарғанымен, семинарлар мен тренингтердің үлесі салыстырмалы түрде төмен болды. Респонденттердің жартысына жуығында STEM/IT саласына қызығушылық мектеп кезінде пайда болған, ал айтарлықтай бөлігі бұл қызығушылықты университетке түскеннен кейін қалыптастырған.
Жалпы алғанда, сауалнама нәтижелері STEM/IT саласында гендерлік теңдікті нығайту үшін қыз балаларға арналған ерте бағыттау жұмыстарын күшейту, мектеп пен университет арасындағы сабақтастықты арттыру және ақпараттық-насихаттық іс-шараларды, әсіресе онлайн ортада, жүйелі түрде дамыту қажеттігін көрсетті.











Басқа жаңалықтар