- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары ЦУР 4 «Сапалы білім беру» аясында Stemco Science халықаралық STEM-олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары ЦУР 4 «Сапалы білім беру» аясында Stemco Science халықаралық STEM-олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысты
2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы қаласында Tamos Education мектебінің базасында Stemco Science халықаралық STEM-олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
Аталған іс-шара оқушылардың функционалдық сауаттылығын, практикалық-бағдарлы ойлауын және ғылым мен математика саласындағы академиялық білімді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды (STEM — Science, Technology, Engineering, Mathematics). Олимпиада білім алушылардың заманауи және бәсекеге қабілетті білім беру мүмкіндіктеріне қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған Тұрақты даму мақсаты ЦУР 4 — «Сапалы білім беру» аясында ұйымдастырылды.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары — Edu Vers және Stemco Science Global білім беру ұйымдары, серіктес ретінде Tamos Education мектебі қолдау көрсетті.
Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды. Іріктеу турының қорытындысы бойынша еліміздің түрлі өңірлерінен 1–12 сыныптар аралығындағы шамамен 200 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Республикалық кезең аясында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:
– Edu Vers білім беру платформасында халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген тапсырмаларды электрондық құрылғылар арқылы офлайн форматта орындау;
– Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында прокторинг пен бақылау жүйесін ұйымдастыру, соның ішінде рұқсат етілмеген материалдар мен жасанды интеллект жүйелерін пайдалануды болдырмау;
– Апелляциялық жұмыстарды тексеру, қорытынды бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне қатысуды қамтыған сараптамалық қазылар алқасының жұмысы;
– Кәсіби бағдар беру кездесуі: профессор, жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі Уралбеков Болат Мұратович олимпиада қатысушыларына университеттің білім беру және ғылыми мүмкіндіктері туралы айтып, жүйелі оқудың, академиялық адалдықтың және болашақ кәсіби жолды саналы таңдаудың маңыздылығын атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының қазылар алқасы мен сараптамалық рәсімдерге қатысуы ЦУР 4 «Сапалы білім беру» мақсаттарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.
Іс-шараға:
– 1–12 сынып оқушылары — шамамен 200 адам;
– білім беру және ғылыми мекемелердің оқытушылары мен сарапшылары;
– волонтерлер мен олимпиада ұйымдастырушылары қатысты.
Олимпиаданың қорытынды кезеңінде 9–12 сынып жеңімпаздарымен химия, биология және физика бағыттары бойынша жеке сұхбаттар өткізілді, нәтижесінде абсолютті жеңімпаз анықталды.
Іс-шараның басты нәтижесі — оқушылардың академиялық мотивациясының артуы және ғылым мен технология саласында әрі қарай дамуға бейім дарынды жастарды анықтау болды. Олимпиада жеңімпазы 2026 жылғы 4–8 ақпан аралығында Сингапурда National University of Singapore базасында өтетін халықаралық финалға қатысуға 100 пайыздық демеушілікке ие болды. Сонымен қатар, 9–12 сыныптар арасында жүлделі орын алған барлық оқушылар халықаралық кезеңге қатысуға шақырту алды.
Жалпы және бейорганикалық химия
кафедрасының оқытушысы – Смайыл Мәди Бекежанұлы
Басқа жаңалықтар