Шығыстану факультетінде ирандық ғалым-оқытушымен қоштасу шарасы өтті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Иран Ислам Республикасынан шақыртылған ерікті ұстаз, PhD Фахиме Шакиба ханымның іссапар мерзімі аяқталып, еліне қайтуына байланысты шара өткізілді. Шарада факультет деканы М.Ш. Эгамбердиев доктор Шакибаға Әл-Фараби атыдағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасының орынбасары – Бірінші проректор Е.Э. Дүйсеновтың атынан алғыс хатын табыстады.
Доктор Ф. Шакиба универсиетте 2024 жылдан бері парсы тілі мен мәдениеті бойынша дәріс береді. Ол философия докторы (PhD), көне иран тілдері мен мәдениетінің білікті маманы. Фахима Шакиба Фахима Шакиба 2005-2009 жж. Археология БББ бойынша бакалавриатта (Тегеран университеті), 2009-2012 жж. Мәдениет және көне иран тілдері БББ бойынша магистратурада (Тегеран университеті), 2012-2016 жж. Мәдениет және көне иран тілдері БББ бойынша докторантурада (Гуманитарлық ғылымдар және мәдени зерттеулер ғылыми-зерттеу институты) білім алған. 2017 жылдан бері Керман облысының Рафсанджан қаласындағы Вали-е-Аср университетінде ирантану бойынша доцент міндетін атқарады.
2024-2025 оқу жылында дайындық факультетінде қазақ және орыс тілдерінің курсынан өтті және «Парсы тіліндегі мәтінді редакциялау» және «Парсыша жазу мен аударудың жетілдірілген дағдылары» тақырыптарында онлайн курстар өткізді. Бұл онлайн курстар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары оқытушыларының парсы тілінен білімін жетілдіру үшін жүргізілді.
2025 ж. Р.К. Садықовамен бірге қазақ, ағылшын, парсы тілін қатар үйренушілерге арналған «Қазақ тілі (А-2 деңгейі, сөйлеу тілі)» атты оқу құралын жарыққа шығарды. ҚазҰУ-де шығыстану, философия және саясатттану, дайындық факультеттерінде өткен ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысты.

Басқа жаңалықтар