- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлары ТДМ “Тұрақты даму үшін серіктестік” тармағы аясында ИСЕСКО (ICESCO) Халықаралық ұйымында өткен дөңгелек үстелге қатысты
Шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлары ТДМ “Тұрақты даму үшін серіктестік” тармағы аясында ИСЕСКО (ICESCO) Халықаралық ұйымында өткен дөңгелек үстелге қатысты
29 желтоқсан 2025 жылы Марокко Рабат қаласындағы Ислам әлемі, білім, ғылым және мәдениет Халықаралық ұйымының (ICESCO) штаб-пәтерінде өткен “Қазақстандағы ислам қолжазбалары: бүгіні мен болашағы” атты дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлары қатысып, Қазақстандағы ислам қолжазбаларымен қатар, “Әл-Фараби” кітапханасының Қолжазбалар мен сирек кітаптар қорында (ҚазҰУ) сақталған араб, парсы, түркі тілдеріндегі қолжазбалардың сақталуы, зерттелуі және ғылыми айналымға енуі төңірегінде ғылыми баяндама жасады. Дөңгелек үстелге Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлары Жумажанова Ф.Т. Хаван А., Мустафаева А.А., Мамедова Ф.З. қатысты. Халықаралық деңгейде өткен дөңгелек үстелге ҚР ның Мароккодағы Төтенше және өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызы да арнайы шақырылып, баяндамашыларға сәттілік тіледі.


Басқа жаңалықтар