Кафедраның ғылыми жұмысымен танысу
2025 жылдың 19 қыркүйегінде органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценті А.К. Тоқтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 403-404 қазақ топтарының студенттерін кафедраның ғылыми бағытымен таныстырып, полимерлік материалдардың қазіргі тенденциялары мен олардың фармацевтика мен биомедицинада қолданылуы туралы толық мәлімет берді. Кафедраның биоүйлесімді полимерлерді синтездеу, дәрілік препараттардың полимер тасымалдаушыларын жасау, биологиялық ыдырайтын материалдарды жасауға қатысты ғылыми жобаларына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ студенттер ғылыми гранттарға қатысу перспективалары, жарияланымдар, магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыру мүмкіндіктері туралы білді. Іс-шара сапалы білім беру саласындағы Тұрақты даму мақсаттарын (44.3.4) іске асыру аясында ұйымдастырылды.






