ТДМ 4 аясында мектеп оқушыларына арналған «Білім беру ұйымдарында қорқыту мен кибербуллингтің алдын алу» атты дәріс өттіFarabi University

ТДМ 4 аясында мектеп оқушыларына арналған «Білім беру ұйымдарында қорқыту мен кибербуллингтің алдын алу» атты дәріс өтті

31 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 23 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен №206 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Білім беру ұйымдарында қорқыту мен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында ашық дәріс өткізілді. Іс-шара білім алушыларда буллинг пен кибербуллинг мәселесіне саналы көзқарас қалыптастыру, қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға негізделеді. Акия ТДМ 4 - «Сапалы білім» мақсатын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Бағдарлама аясында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

- қарым-қатынас дағдыларын, өзін-өзі бағалауды және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу қабілетін дамытуға бағытталған топтық тренингтер өткізілді;

- білім алушыларға сенімділік қалыптастыруға және конструктивті өзара әрекеттесуді дамытуға бағытталған жеке қолдау көрсетілді;

- жеке ақпаратты қорғау және агрессия көріністерін елемеуді қоса алғанда, желідегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға арналған кибер-гигиена бойынша оқыту жүргізілді.

Іс-шараға келесі топ өкілдері қатысты:

Мектеп оқушылары – 20 адам;

Факультет оқытушысы – 1 адам.

Дәріс білім алушылардың қауіпсіз, құқықтық және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ зорлық-зомбылықсыз өзара іс-қимыл мәдениетін дамытуға үлес қосты. Сондай-ақ, университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастық нығайып, ТДМ 4 индикаторларын орындау бойынша жаңа серіктестік орнатылды.

 

#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU SDG4: #SDG4 #QualityEducation