«Кедейлікті жою: студенттердің қаржылық қанауына қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс-кездесу өтті.Farabi University

«Кедейлікті жою: студенттердің қаржылық қанауына қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс-кездесу өтті.

31 желтоқсан, 2025

  2025 жылғы 25 желтоқсанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) 1 «Кедейлікті жою» аясында ALT University базасында «Кедейлікті жою: студенттердің қаржылық қанауына қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс-кездесу өтті. Іс-шараны Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы, PhD докторы, доцент Ерғали Адлет Маратұлы өткізді.

  Кездесу барысында студенттерге бағытталған қаржылық алаяқтықтың негізгі түрлері, адал емес қызметтер және олардың алдын алу жолдары қарастырылды. Іс-шараға 32 студент пен оқытушы қатысты. Дәріс жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға және ТДМ 1-ді іске асыруға өз үлесін қосты.

 #SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU#SDG1 #NoPoverty