Ғылыми кеңесFarabi University

Ғылыми кеңес

25 желтоқсан, 2025

ТДМ-4 Жаңа жыл қарсаңында, 2025 жылдың 25 желтоқсанында Журналистика факультетінің қорытынды Ғылыми кеңесі өтті. Кеңесте бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі — 2025 жылға арналған ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет бойынша есеп болды. Сондай-ақ «ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы» журналындағы жарияланымдардың сапасы және басылымның қазіргі жағдайына қатысты мәселелер талқыланды.  

Түрлі мәселелер бөлігінде факультет профессоры Ахметова Ләйла Сейсембекқызының 2025 жылғы іссапарлары туралы және Альжанова Айгерім Болатханқызының 2025 жылдың 20–25 шілде аралығында Лондон қаласындағы (Ұлыбритания) University College London-да өткен ICCEES (Орталық және Шығыс Еуропа зерттеулері жөніндегі халықаралық кеңес) Дүниежүзілік конгресіне қатысуы жөнінде ақпарат берілді.  

Ғылыми кеңес соңында 1-курс докторанттарының 1-ші семестр бойынша есебі тыңдалып, 2025 жылдың қорытындысы бойынша студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамына Алғыс хаттар табысталды.