Жоғары ғылыми марапатпен құттықтаймыз!Farabi University

Жоғары ғылыми марапатпен құттықтаймыз!

30 желтоқсан, 2025

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін 2025 жылғы К.И. Сәтбаев атындағы сыйлық «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының оқытушылары Алимжанова Мереке мен Мамедова Мадинаға табысталды.

Бұл беделді марапат лауреаттардың жоғары кәсіби деңгейін, ғылыми тереңдігін және отандық ғылым мен жоғары білімді дамытуға қосқан елеулі үлесін айқындайды.

Аталған жетістік Тұрақты даму мақсаты 4 — «Сапалы білім беру» және Тұрақты даму мақсаты 9 — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» жүзеге асыруға үлес қосып, ғылым мен білімнің тұрақты дамудағы маңызын көрсетеді.

Ғылыми ізденістеріңізге толағай табыс, жаңа жобалар, шығармашылық шабыт және кәсіби қызметтеріңізде зор жетістіктер тілейміз!