ТДМ 4. «Мен – болашақ дәрігермін»Farabi University

ТДМ 4. «Мен – болашақ дәрігермін»

24 желтоқсан, 2025

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларымен бірлесіп, Тұрақты даму мақсаттарын насихаттау аясында «Мен – болашақ дәрігермін» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Биология және химия пәндерін таңдап, болашақта дәрігер мамандығын таңдаған тыңдаушыларды медицина саласының тарихымен тереңірек таныстыру мақсатында медицина университетінің тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Саяхат барысында тыңдаушылар университеттің тарихи мұражайының директоры Б.А. Амантаевпен кездесу өткізіп, мазмұнды сұхбат құрды.

Кездесу барысында медицина ғылымының дамуы, университет тарихы, көрнекті ғалымдардың өмір жолы туралы құнды мәліметтер ұсынылды. Тыңдаушылар мұражайда сақталған тарихи жәдігерлермен танысып, медицина саласының қалыптасу кезеңдері жөнінде қызықты ақпарат алды. Танымдық саяхат тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырып, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырды.