14-ші Тұрақты даму мақсаты: Теңіз экожүйелерін сақтау
курс докторанты Роман Менжулин «Екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттерімен экологиялық кездесу өткізді.
Іс-шара филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлжан Жамбылқызы Болатованың жетекшілігімен өтті.
Кездесудің мақсаты - студенттерде су ресурстары мен теңіз экожүйелеріне құрметпен қарау мәдениетін одан әрі қалыптастыру. Қазақстан Республикасы мен Алматы қаласы мұхиттан алыс орналасқанымен, су ресурстарының жағдайы әрқайсымызға тікелей қатысты. Өйткені құрлықтағы және теңіздегі таза суды сақтау жергілікті өзендер мен бұлақтарды қорғаудан басталады.
Сауалнама жүргізу, тақырыптық презентацияны қарау, менталды карта құрастыру және бейнематериалдар көру арқылы студенттер теңіз экожүйесінің құрамын, оған төнетін қауіптерді, сондай-ақ бұл мәселелердің теңізге шығу жолы жоқ өңірлер үшін де неге өзекті екенін анықтады.
Студенттер Алматы технологиялық университетінің (2024) зерттеулерімен танысты. Бұл зерттеуде ғалымдар Алматы қаласындағы өзендердің су сапасын зерделеп, өзекті проблемаларды көрсеткен және оларды шешу жолдарын ұсынған.
Топтық жұмыстан кейін студенттер ғалымдардың ұсыныстарын талқылап, ең бастысы - өздері не істей алатынын айқындады: тұрмыстық қалдықтарды азайту, экологиялық акцияларға қатысу, сондай-ақ жергілікті өзендердің жағдайын бақылауға арналған жобалар әзірлеу сияқты нақты қадамдарды белгіледі.