ТДМ 4. «ҚазҰУ кітапханасына танымдық саяхат»Farabi University

ТДМ 4. «ҚазҰУ кітапханасына танымдық саяхат»

9 қаңтар, 2026

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 4) аясында 7-топ тыңдаушыларына арналған ҚазҰУ кітапханасына танымдық саяхат ұйымдастырылды.

 Іс-шараның негізгі мақсаты – тыңдаушыларды университет кітапханасының қызметімен, кітап қорының байлығымен және заманауи ақпараттық ресурстарымен таныстыру, оқу мен ғылыми ізденіске деген қызығушылықты арттыру болды.

Танымдық саяхат барысында қатысушылар кітапхананың құрылымымен, оқу залдарымен, электрондық кітапхана жүйесімен және цифрлық дерекқорлармен танысты. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға қызмет көрсету тәртібі, кітаптарды іздеу және пайдалану жолдары туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар сирек кездесетін басылымдар мен ғылыми еңбектердің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

ҚазҰУ кітапханасы – білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасалған, заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ордасы. Мұнда тыныш әрі қолайлы ортада білім алып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға барлық мүмкіндік қарастырылған.

Аталған танымдық саяхат студенттердің кітапханаға деген қызығушылығын арттырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және зияткерлік дамуына оң әсерін тигізді. Осындай іс-шаралар жастарды білімге ұмтылуға, ғылым мен ізденіске баулуда маңызды рөл атқарады.