ТДМ 4, 16. «Кітапхана мұражайы – асыл қазына»
ТДМ 4 – Сапалы білім және ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-да танымдық іс-шара өтті.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесін санға ғана емес, сапаға негіздеу – заман талабы. Осы бағытта Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушылар үшін тәрбиелік-маңызы зор экскурсия ұйымдастырып, оларды Әл-Фараби кітапханасының мұражайымен таныстырды.
Экскурсия барысында тыңдаушылар ұлы ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына арналған құнды деректермен және тарихи жәдігерлермен танысып, оның ғылыми-философиялық мұрасынан мол мағлұмат алды. Мұражайға жасалған саяхат тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың рухани-танымдық дүниетанымын кеңейтуге, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қадірлеуге ықпал етті.
Басқа жаңалықтар