ТДМ 4. ҰБТ талаптарына сәйкес сынақ тесті ұйымдастырылды
2026 жылғы 10 қаңтарда жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушылар арасында Ұлттық бірыңғай тестілеу форматына негізделген сынақ тесті өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар ресми ҰБТ кітапшасымен жұмыс жасап, нақты емтихан талаптарына сай білімдерін сынады.
Сынақ тестінің басты мақсаты – тыңдаушылардың оқу жетістіктерін бағалау, тестілеу үдерісіне дағдыландыру және уақытты тиімді пайдалануға үйрету. Бұл өз кезегінде білім алушыларға жеке дайындық деңгейін саралауға, ал оқытушылар құрамына оқу үдерісін жетілдіруге мүмкіндік берді. Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім беру» аясында ұйымдастырылып, білім алушылардың білім сапасын арттыруға, баршаға тең әрі инклюзивті білім алуға жағдай жасауға бағытталды. Тестілеу қорытындылары бойынша пәндер аясында жан-жақты талдау жасалып, қосымша дайындық жұмыстарын күшейту жоспарланды.Осындай сынақ тестілер тыңдаушылардың оқу мотивациясын арттырып, алдағы ҰБТ-ға академиялық және психологиялық тұрғыдан дайындалуына оң ықпал етеді. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы талапкерлердің білім сапасын арттыру арқылы тұрақты даму қағидаттарын іске асыруға бағытталған оқу-әдістемелік жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.