- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері мен оқытушылары сенбілікке қатысты
Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері мен оқытушылары сенбілікке қатысты
Сенбілік Іс-шараға:
• «Қаржы және есеп» кафедрасының «Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтарының 229 студенті;
• «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының 177 студенті;
• «Экономика» кафедрасының «Экономика» және «Цифрлық экономика» мамандығының 43 студенті;
• «Менеджмент» кафедрасының «Менеджмент» мамандығының 49 студенті белсенділік танытып қатысты.
Студенттер, сенбілікке қатысу бір-бірімен танысуға, достық байланыстарды нығайтуға және командалық рухты қалыптастыруға ықпал етеді деген пікірлерімен бөлісті . Эдвайзерлер болса, мұндай іс-шаралардың корпоративтік мәдениетті дамытуда және ортақ кеңістікке деген жауапкершілікті тәрбиелеуде маңызды екенін атап өтті.
Сенбіліктің әлеуметтік әрі экологиялық мәні зор — ол экологиялық сананы қалыптастырып, қоршаған орта мен университет инфрақұрылымына ұқыпты қарауды үйретеді. Бірінші курс студенттері міндеттерді бөлу, бірлесіп жұмыс істеу, бастамашылық пен көшбасшылық қабілеттерін көрсету тәжірибесін алды. Бұл бастама Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-мақсатына – «Жақсы денсаулық және игіләк» сәйкес келеді, себебі сенбілік денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Нәтижесінде тазаланған аумақтар, жағымды әсерлер мен университет өміріне деген ортақтық сезімі қалды.
Экономика және бизнес жоғары мектебі Алматы қаласының экологиясын қорғауға қомақты үлес қосып, студенттер мен оқытушыларды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіре отырып, тұрақты даму мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.