ТДМ 11. «Орталық мұражайға саяхат»Farabi University

ТДМ 11. «Орталық мұражайға саяхат»

12 қаңтар, 2026

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдығына арналған «40 іс-шара» аясында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушылары үшін «Орталық мұражайға саяхат» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Саяхат барысында тыңдаушылар еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен жақын танысып, мұражай экспозицияларындағы құнды жәдігерлердің тарихы мен мән-маңызы туралы мазмұнды ақпарат алды. Шараның мақсаты: тыңдаушылардың мәдени-танымдық өресін кеңейту, тарихи санасын дамыту, зерттеу жүргізу мен мәліметтерді талдау шеберлігін қалыптастыру, сондай-ақ олардың отан тарихына деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара жақсы  деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар ерекше әсер алып қайтты.