Жасанды интеллект дәуіріндегі құқық ғылымы: жаңа парадигмалар мен ғылыми диалогFarabi University

Жасанды интеллект дәуіріндегі құқық ғылымы: жаңа парадигмалар мен ғылыми диалог

10 қаңтар, 2026

2026 жылғы 10 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен И.А.Крылов атындағы кітапханада  «Жасанды интеллект дәуіріндегі құқық ғылымының дамуы: ғылыми мектептер мен доктриналардың трансформациясы» тақырыбында халықаралық оқу-әдістемелік конференция өтті. Аталған ғылыми іс-шара отандық және шетелдік ғалымдарды, практик мамандарды, мемлекеттік орган өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.
Конференцияның негізгі мақсаты – жасанды интеллекттің құқық ғылымына ықпалын теориялық және әдіснамалық тұрғыдан талдау, құқықтық ғылыми мектептер мен доктриналардың трансформациялану үдерістерін айқындау, сондай-ақ цифрлық технологиялар жағдайында құқықтық білім беру мен ғылыми зерттеулерді жетілдірудің өзекті бағыттарын анықтау болды.
Іс-шараның ашылуында конференция модераторы, заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлдана Амангельдиевна Куаналиева сөз сөйлеп, жасанды интеллекттің құқық ғылымына енуі жаңа ғылыми көзқарастар мен әдіснамалық жаңаруларды талап ететінін атап өтті. 
Пленарлық баяндамаларда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Николаевич Рожин құттықтау сөз сөйледі, «Байтақ» жасылдар партиясы Алматы қалалық филиалының өкілі Ағыбаев Берік Қалижанұлы құқық ғылымының экологиялық және әлеуметтік қырларына назар аударды. Конференция аясында отандық және шетелдік жетекші ғалымдар баяндама жасады. 
Сонымен қатар, конференция барысында авторлары кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры м.а. Қалымбек Бақытжан, есеп және аудит кафедрасының Калымбекова Жанна Калымбековнаның, Молдағалиева Айжан Сүндетовнаның «Қазақстан Республикасының органикалық ауыл шаруашылығы мәселелері» атты оқу құралының тұсаукесері өтіп, ғылыми-әдістемелік жаңалықтар көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жасанды интеллекттің құқық ғылымына ықпалына қатысты негізгі теориялық тәсілдерді жүйелеу, құқықтық білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ жаңа ғылыми бағыттарды қалыптастыру қажеттігі жөнінде ортақ пікірге келді.