2025 жылдың 26 қарашасында Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы, Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Абай әлемі» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың өтуіне тікелей мұрындық болған А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы.
Сайысқа Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Сүлеймен Демирел университетінің студенттері қатысып, бақ сынасты.
Зияткерлік сайыстың қазылар алқасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының қауымдастырылған профессоры Төрегелді Рақманбердіұлы Тұяқбай, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Қазақ және орыс тілдері кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты Нұрмұхаметова Қарлығаш, Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры, филология ғылымының Жұбай Орынай сынды абайтануға өзіндік үлес қосып жүрген зерттеуші-ғалымдар болды. Сайысты ұйымдастырушылар: О.Жұбай, А.Ақжігітова, Ә.Мұсаев, Б.Каспихан
Төрт турдан тұратын сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, көрермендерін тәнті еткен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Жылы жүрек» тобы 1-орын, Сүлеймен Демирел университетінің «Талап» тобы 2-орын, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Алаш айнасы» тобы 3-орын иеленді. «Абай әлемі» атты зияткерлік сайысына қатысушылардың бәріне ақшалай сыйлықтар мен құнды кітаптар тарту етілді.
Басқа жаңалықтар