ҚУРМАНБАЕВА МЕРУЕРТ СӘКЕНОВНАНЫ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағымен құттықтаймыз!Farabi University

ҚУРМАНБАЕВА МЕРУЕРТ СӘКЕНОВНАНЫ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағымен құттықтаймыз!

12 қаңтар, 2026

2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болған Қурманбаева Меруерт Сәкеновнаны шын жүректен құттықтаймыз!

Құрманбаева Меруерт СәкеновнаБиология және биотехнология факультетінің деканы, Ботаника және агроэкология кафедрасының профессоры. Сіздің көпжылдық педагогикалық және ғылыми қызметіңіз оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік негізде жетілдіруге, білім алушылардың зерттеушілік әлеуетін дамытуға және білікті ғылыми кадрлар даярлау сапасын арттыруға бағытталған жүйелі еңбегіңізбен ерекшеленеді.

Аталған мәртебелі атақ – Сіздің кәсіби шеберлігіңізді, ғылыми қызметтегі нәтижелілігіңізді, академиялық ортадағы беделіңізді және білім беру ісіндегі тұрақты жетістіктеріңізді растайтын заңды нәтиже. Сіздің басқарушылық қызметіңіз факультеттің стратегиялық дамуына серпін беріп, ғылыми бастамалардың тиімді іске асуына және университеттің академиялық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Сізге зор денсаулық, ғылыми ізденістеріңізде жаңа нәтижелер, кәсіби қызметіңізде шығармашылық табыс және толағай жетістіктер тілейміз!

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы