- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТЫНЫБЕКОВ БЕКЗАТ МАКУЛБАЕВИЧТІ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағымен құттықтаймыз!
ТЫНЫБЕКОВ БЕКЗАТ МАКУЛБАЕВИЧТІ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағымен құттықтаймыз!
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ботаника және агроэкология кафедрасының профессор-зерттеушісі Тыныбеков Бекзат Макулбаевичті 2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті Бекзат Макулбаевич, бұл жоғары марапат – Сіздің білім беру саласындағы табанды еңбегіңіздің, кәсіби біліктілігіңіздің және оқу үдерісін дамытуға қосқан нақты үлесіңіздің лайықты бағасы. Сіздің студенттермен жүргізетін жүйелі жұмысыңыз, оқу-әдістемелік деңгейіңіз және академиялық ортадағы жауапкершілігіңіз әрдайым жоғары құрметке ие.
Алдағы уақытта да шығармашылық серпін, жаңа кәсіби белестер, ғылыми-әдістемелік жұмыстарыңызда тың нәтижелер және мықты денсаулық тілейміз!
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар