- Басты бет
- Жаңалықтар
- НУРМАХАНОВА АКМАРАЛ САДЫКОВНАНЫ «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағымен құттықтаймыз!
НУРМАХАНОВА АКМАРАЛ САДЫКОВНАНЫ «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағымен құттықтаймыз!
13 қаңтар, 2026
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ботаника және агроэкология кафедрасының доцент-зерттеушісі Нурмаханова Акмарал Садыковнаны 2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жоғары марапат – Сіздің білім беру мен ғылым саласындағы жүйелі еңбегіңіздің, кәсіби құзыреттілігіңіздің және оқу үдерісін жетілдіруге қосқан нақты үлесіңіздің лайықты бағасы. Білім алушылардың зерттеушілік әлеуетін дамытуға бағытталған қызметіңіз, оқу-әдістемелік мәдениетіңіз бен жауапкершілігіңіз академиялық ортада жоғары құрметке ие.
Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, ғылыми-әдістемелік жұмысыңызда жаңа нәтижелер және алдағы қызметіңізде толағай табыс тілейміз!
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар
23 қаңтар, 2026