Дата-арт призмасы арқылы гендерлік теңдік: „Тірек: Оның өмір жібі“ көрмесіне баруFarabi University

Дата-арт призмасы арқылы гендерлік теңдік: „Тірек: Оның өмір жібі“ көрмесіне бару

12 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 12 желтоқсанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 5-ші бағыты — «Гендерлік теңдік» аясында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының PhD докторы, доценті Абдуллина С.Х. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің ЮП 224 тобының студенттерімен бірге «Тірек: Оның өмір жібі» атты дата-арт көрмесіне барды.

Экскурсияны көрменің суретшісі әрі кураторы Жанна Асанова жүргізіп, келушілерді авторлардың жұмыстарымен таныстырып, әрбір экспонатта қамтылған мағыналар туралы баяндады. Көрменің бірегейлігі көтерілген тақырыптың ашықтығында: бұл мәселе қабылданған шараларға қарамастан әлі де өзекті болып отыр. Қазақстанда жыл сайын ондаған әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды, ал статистикалық деректерге сәйкес, қыздардың шамамен 17%-ы серіктесі (күйеуі немесе бірге тұратын адамы) тарапынан физикалық немесе өзге де зорлық түріне тап болады, ал одан да көп әйелдер ұрып-соғудан зардап шегеді.

Суретшілер өз жұмыстарында тек эмоцияға немесе жеке көзқарасқа ғана емес, нақты деректерге де сүйенеді. Шығармалардың ерекшелігі — сырт көзге қарапайым көрінетін туындыларда зорлық-зомбылықтың түрлері, ауқымы және жүзеге асу тәсілдері туралы ақпараттың жасырын түрде берілуінде. Гендерлік теңсіздіктен туындайтын ауырсыну мен әділетсіздіктің тереңдігі дата-арт көрмесіне келген әрбір көрерменге өзінің шынайылығы мен эмоциялық әсері арқылы қатты әсер қалдырады.

 

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы