Ғылым мен тәжірибе сабақтастығы: ІІО кадрлары үшін экспресс-тренингFarabi University

Ғылым мен тәжірибе сабақтастығы: ІІО кадрлары үшін экспресс-тренинг

19 желтоқсан, 2025

ТДМ 4 – «Сапалы білім беру».

2025 жылғы 19 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадрлық бөлімшелері басшыларына арналған экспресс-кәсіби онлайн-тренинг өткізді.

🎓 Тренинг ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының құқық қорғау қызметін басқару кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Қатысушылар қатарында ҚР ІІМ Орталық аппаратының, аумақтық бөлімшелерінің және полиция департаменттерінің қызметкерлері болды.

Заң факультетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Ж.А. Кегембаева
«ІІО қабылдайтын басқарушылық шешімдердің тиімділігі мәселелері» тақырыбында онлайн дәріс оқыды. Дәріс барысында адамға бағдарланған және сервистік мемлекет қағидаттары тұрғысынан құқық қорғау қызметіне қойылатын заманауи талаптар, қызметтік тәртіп, заңдылықты сақтау және жеке тұлғаның құқықтарын құрметтеу мәселелері жан-жақты қарастырылды.

👥 Қатысушылар саны: ІІО практикалық қызметкерлері – 30 адам,
оқытушылар – 3 адам.

Аталған бастама құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етуге және сапалы, тәжірибеге бағытталған білім алуға ықпал етті. Нәтижесінде тыңдаушылардың басқарушылық шешімдер қабылдау саласындағы кәсіби құзыреттері артты, құқықтық мәдениеті мен жауапкершілікке негізделген басқару тәсілдері нығайды.

Өткізілген іс-шара ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» мақсатына толық сәйкес келеді.

 

#SDG4 #QualityEducation #Kazakhstan #KazNU#kaznu_zan #kafedra_tgp_kons_adm_pravo#СапалыБілім #ЗаңжәнеТәртіп #ТұрақтыДаму

 

 

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы