- Басты бет
- Жаңалықтар
- «2027 жылғы конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасының конституциялық және әкімшілік заңнамасының даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбында сертификатталған онлайн-курс
«2027 жылғы конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасының конституциялық және әкімшілік заңнамасының даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбында сертификатталған онлайн-курс
2026 жылғы 12–23 қаңтар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы «2027 жылғы конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасының конституциялық және әкімшілік заңнамасының даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбында сертификатталған онлайн-курс өткізуде.

Курс тыңдаушыларының қатарында жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері бар: «Нархоз» университеті, Қонаев университеті, AlmaU (Алматы менеджмент университеті), UiB (University of International Business), Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы, Есенов университеті, Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институты, Құқық қорғау органдары академиясы, Maqsut Narikbayev University, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Auezov University), Ташкент мемлекеттік заң университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Каспий қоғамдық университеті, Баишев университеті (Ақтөбе қ.), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті.
Курстың алғашқы күні теориялық-құқықтық блок аясында спикерлер ретінде профессор, заң ғылымдарының докторы Ибраева А.С., сондай-ақ заң факультетінің докторанты, кең бейінді заңгер Ахметова Сауле дәріс оқыды.
Дәрістер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.
Курс қорытындысы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде сертификат беріледі.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы