Ең қызықты мерекелер еліне саяхатFarabi University
Референдум 15 марта

Ең қызықты мерекелер еліне саяхат

4 қараша, 2025

04 қараша 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультетінің 404 ФӨТ тобының студенттері ұйымдастыруымен «Ең қызықты мерекелер еліне саяхат» атты танымдық-мәдени іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер әлем халықтарының түрлі мерекелері туралы қызықты мәліметтермен бөлісіп, аудиторияға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар қатысушылар арасында викториналар, логикалық сұрақтар және ойын түріндегі тапсырмалар ұйымдастырылып, барлығы белсенді түрде қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Шараның мақсаты – студенттердің мәдени көкжиегін кеңейту, ұжымдық қарым-қатынас пен шығармашылық белсенділікті дамыту, сондай-ақ әр елдің дәстүрі мен мерекелік ерекшеліктеріне деген қызығушылықты арттыру болды.

Ұйымдастырушылар:
Кайралапова Г.Ж., Иминова Р.С., Кудайбергенова Б.М., Жумагалиева Ш.Н.