2025 жылғы Үздік химик-аналитик
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы студенттеріміздің «2025 жылғы Үздік химик-аналитик» республикалық байқауындағы жарқын жетістіктері туралы қуана хабарлайды. БББ «ФӨТ» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Абиева Адина аналитикалық химияның теориялық негіздерін терең меңгеруі мен жоғары деңгейдегі зертханалық құзыреттілігін көрсетіп, I орынды иеленді. БББ «ОЗХТ» 2-курс студенті Құдайбергенов Мади химиялық эксперимент жүргізудегі үздік дайындығын дәлелдеп, III орынды жеңіп алды.
Кафедра студенттері Ильяс Амирали мен Пак Роман белсенді қатысқаны және жақсы нәтижелері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Студенттеріміздің бұл жетістіктері Тұрақты даму мақсаты №4 (Сапалы білім) – жоғары білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ ТДМ №9 (Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым) – елдің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайту бағыттарының іске асуына тікелей үлес қосады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға білімде, ғылымда және кәсіби дамуда жаңа табыстар тілейміз!
Басқа жаңалықтар