- Басты бет
- Жаңалықтар
- Философия және саясаттану факультетінің даму бағыттары: ҚазҰУ-дың 92 жылдығына арналған профессорлық-оқытушылық жиын
Философия және саясаттану факультетінің даму бағыттары: ҚазҰУ-дың 92 жылдығына арналған профессорлық-оқытушылық жиын
2026 жылғы 15 қаңтар күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде ҚазҰУ-дың 92 жылдығына орай профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында факультет деканы Б. Б. Мейрбаев факультеттің алдағы даму бағыттарына қатысты бірқатар өзекті жаңалықтар мен мәселелерді ортаға салып, оларды талқылады. Сонымен қатар ардагер профессор-оқытушылар құрамы тарапынан құттықтау сөздер айтылып, университеттің тарихи жолы мен академиялық дәстүрлеріне ерекше назар аударылды.
Жиын аясында Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарымен, сондай-ақ Философия кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушысымен таныстыру рәсімі өтті.
Сонымен қатар 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне арналған профессорлық-оқытушылық құрамның оқу-әдістемелік кешендерінің (ПОӘК) сараптамасы жүргізіліп, олардың сапасына қатысты талқылаулар жасалды. Факультет сайтының жұмысы және өзге де ағымдағы мәселелер күн тәртібіне шығарылып, жан-жақты қарастырылды.

Аталған іс-шара факультеттің ішкі академиялық бірлігін нығайтып, оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстарды жетілдіруге бағытталған маңызды алаң болды.
Басқа жаңалықтар