Журналистика факультетіндегі тағылымды кездесу
ТДМ-4 2026 жылғы 15 қаңтарда ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күніне арналған жиын өтті. Бұл өткен жылдардағы жетістіктерді қорытындылап, университеттің табысты даму жолын айқындаған ерекше кездесу болды. Университет жаһандану мен цифрландыру дәуірінде ғылым-білім саласында үлкен серпіліс жасап, ғылыми-зерттеу және білім беру деңгейін жаңа сатыға көтерді. 2026 жылдың «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялануы да осы үдерістердің маңыздылығын айқындайды. Қазіргі таңда университет Азия, Еуропа және Америка елдерінің жоғары оқу орындары мен жетекші ғылыми орталықтарымен 700-ден астам келісімшарт жүзеге асыруда.
Университетте оқу үдерісіне және ғылыми қызметке инновациялық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Біз де Инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы — «Farabi Hub»-қа барып, ғылыми-технологиялық паркпен, Орталық Азиядағы тұрақты даму жөніндегі Қазақстан–Гонконг орталығымен, Орталық Азияны зерттеуге арналған Қазақстан–Франция ғылыми-зерттеу орталығы — «Zoostan»-мен, Қазақстан–Сингапур кванттық технологиялар орталығымен, сондай-ақ «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» атты Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасымен және басқа да құрылымдармен танысу мүмкіндігіне ие болдық. Сондай-ақ біз Халықаралық институтты және ҚазҰУ-дың цифрлық технологиялар мен робототехника жөніндегі Huibo Robotics робототехникалық орталығын араладық. Мұнда робототехника зертханалары мен виртуалды кәсіпорындарды қамтитын Цифрлық және интеллектуалды шеберхана орналасқан. Алайда бізді ең қатты таңғалдырған нысан — суперкомпьютер болды. Суперкомпьютерлік кластер отандық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етіп қана қоймай, университеттің маңызды міндеттерінің бірі — ІТ-индустриясы мен жасанды интеллект саласында білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Инжиниринг және жоғары технологиялар кластерінің бас директоры Әмірхан Темірбаевтың айтуынша, суперкомпьютердің өнімділігі 2000 терафлопсты құрайды. Қазіргі заманғы компьютерлер ондаған жылда орындайтын есептерді суперкомпьютер небәрі бір сағатта шешуге қабілетті. Университеттің заманауи технологияларымен үлкен қызығушылықпен танысып, біз естелік үшін суретке түстік. Уақыт өте келе Журналистика факультетінің «Farabi Hub»-қа жасаған бұл сапары тарихқа айналып, болашақ ұрпақ үшін құнды құжат болары сөзсіз. Ал олар болса, мүлде жаңа инновациялық технологияларды меңгеретін болады.
Барлыбаева С.Х., Альжанова А.Б.
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
Басқа жаңалықтар