- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ аясында шетелдік студенттерге арналған қысқы рекреациялық тур ұйымдастырылды
ТДМ аясында шетелдік студенттерге арналған қысқы рекреациялық тур ұйымдастырылды
Экономика және бизнес жоғары мектебі деканы Ж.Ж. Ермекованың тапсырмасы бойынша студенттердің қысқы демалысы кезеңінде (1–19 қаңтар 2026 жыл) №16-шы студенттер үйінде тұратын, өз елдеріне қайта алмаған шетелдік студенттерге арналған арнайы рекреациялық тур ұйымдастырылды.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-ші – «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» және 4-ші – «Сапалы білім» мақсаттары аясында өтті. Турдың негізгі мақсаты – студенттердің демалысын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын сақтау және нығайту, физикалық, интеллектуалдық және эмоционалдық әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен болашағы туралы рухани-танымдық бағытта кеңес беру.
Аталған іс-шараны ұйымдастыруда Экономика және бизнес жоғары мектебінің аға эдвайзерлері Д.Р. Тураров, А.Ж. Кукиев, А.А. Боранбай, М.Д. Шарапиева, әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары И.У. Кулиев және зерттеуші профессор А.З. Нурмаганбетова белсенділік танытты.
Бағдарлама аясында шетелдік студенттер Алматы қаласының Орталық ботаникалық бағына, Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіне, Almaty Museum of Arts, қалалық кітапханаларға және Экономика және бизнес жоғары мектебінің тарихи тұлғалар бұрышына экскурсия жасап, мәдени-танымдық серуендерге қатысты.
Іс-шара соңында шетелдік студенттер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай танымдық әрі пайдалы бастамалардың олардың Қазақстанға деген қызығушылығын арттырғанын атап өтті.
Басқа жаңалықтар