Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да академиялық ұтқырлық аясындағы кездесу өтті
19 Қан, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ-қа бір академиялық кезеңге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Бішкек қаласындағы филиалынан Психология білім беру бағдарламасы бойынша 6 студент келіп, білім алушылар қатарына қосылды. Осыған орай студенттер факультет деканы Бекжан Берікбайұлымен кездесіп, оқу үдерісіне қатысты барлық сұрақтар бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында студенттердің оқу жоспары, академиялық талаптар, білім беру үдерісінің ерекшеліктері мен университеттің ішкі тәртібі түсіндіріліп, жатақханада тұру ережелері мен қаладағы қауіпсіздік шаралары туралы да ескертілді. Сонымен қатар студенттермен еркін пікір алмасу жүргізіліп, олардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Басқа жаңалықтар
5 Мау, 2026
27 Мам, 2026
20 Мам, 2026