Кеден құқығы және тұрақты даму: сапалы білім беру арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлау және кедендік бақылауды жетілдіруFarabi University

Кеден құқығы және тұрақты даму: сапалы білім беру арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлау және кедендік бақылауды жетілдіру

11 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 11 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі - ТДМ 4 аясында «Кеден құқығы және тұрақты даму: сапалы білім беру арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлау және кедендік бақылауды жетілдіру» тақырыбында ауқымды іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараны кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна ашып, өз сөзінде сапалы білім берудің, үздіксіз оқытудың және академиялық дамудың, сондай-ақ кедендік бақылау жүйесін тиімді жүзеге асыруда білікті мамандар даярлаудың заманауи қоғамдағы маңызына ерекше тоқталды.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының ғылыми зерттеу орталығының басшысы, PhD докторы Саулен Нұржан шақырылды. Қонақ спикер өз баяндамасында білім беру жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеулерді дамыту, өмір бойы білім алу қағидаттарын іске асыру, сондай-ақ кедендік бақылау саласындағы құқықтық реттеу мен институционалдық дамудың өзекті мәселелері бойынша терең әрі мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар белсене қатысып, тақырып аясында өзара пікір алмасып, кеден құқығы мен кедендік бақылау саласындағы білім беру, кәсіби даярлық және практикалық дағдыларды қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады. Аталған іс-шара қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, сондай-ақ білім беру саласындағы тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мен кедендік бақылаудың тиімділігін арттырудың маңызын терең ұғынуға зор мүмкіндік берді.