«Ұлттық құрылтай» – ғылым мен инженерлік білімнің өзектілігін айқындаған алаңFarabi University

«Ұлттық құрылтай» – ғылым мен инженерлік білімнің өзектілігін айқындаған алаң

20 қаңтар, 2026

«Ұлттық құрылтайда» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды, жасанды интеллектті, энергетика мен су ресурстарын дамытудың стратегиялық маңызын атап өтті. Бұл бағыттар механика кафедрасында жүзеге асырылып жатқан «Механика», «Робототехникалық жүйелер», «Ғарыштық техника және технологиялар», сондай-ақ «Механика және энергетика» білім беру бағдарламаларымен толық сәйкес келеді.

Президенттің жасанды интеллекттің іргелі ғылымдарға, математикалық модельдеуге және физикалық процестерді дұрыс қоюға негізделуі тиіс деген пікірі инженерлік білімнің маңызын айқын көрсетеді. Механика кафедрасы Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтарды толық қолдай отырып, осы бағыттар бойынша жоғары білікті инженерлік және ғылыми кадрларды даярлау жұмысын жүйелі түрде жалғастыра береді.

 

Механика кафедрасының меңгерушісі 

Ф.-м.ғ.к., ассистент-профессор Туралина Динара Елеусизовна