Гроссул Павел Павловичтің докторлық диссертациясының алдын ала қорғауыFarabi University

Гроссул Павел Павловичтің докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы

22 қаңтар, 2026

2026 жылғы 22 қаңтарда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің картография және геоинформатика кафедрасының базасында Гроссул Павел Павловичтің «Қарағанды облысының жеке аудандарындағы жер пайдалану динамикасын постклассификациялық талдау» тақырыбындағы докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы өтті. Диссертация 8D07302 – «Геодезия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (Ph.D.) дәрежесін алу үшін ұсынылды. Отырыс гибридті форматта өткізілді.

Алдын ала қорғау барысында ізденуші зерттеудің негізгі нәтижелерін баяндап, жұмыстың ғылыми жаңалығын, теориялық және практикалық маңыздылығын негіздеді, сондай-ақ кеңейтілген отырыс мүшелерінің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Талқылау қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес мүшелері диссертациялық жұмысқа оң баға беріп, оның өзектілігін, жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейін және докторлық диссертацияларға қойылатын талаптарға сәйкестігін атап өтті. Ұсынылған ескертулерді ескере отырып, диссертацияны қорғауға жіберу туралы оң шешім қабылданды.

Диссертациялық жұмыс С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің геодезия және картография кафедрасында орындалған.